ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 255 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5729 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулы қосымшасының 1 тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар ауданының әкімі | К. Калиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихаты