"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсары ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамызындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ұялы ауылдық округінің Ақсары ауылының көшелері қайта аталсын:
Тельман көшесін Абай көшесіне;
Карл Либкнехт көшесін Керей хан көшесіне;
Роза Люксембург көшесін Жамбыл көшесіне;
Ленин көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Г. Карбаев |