Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4846 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-қосымшаның 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау келесі нормаларға сәйкес жүргізіледі:
1) компенсациялық шаралармен қамтылатын тұрғын үй-жайдың ауданы бір адамға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатаханадағы бөлмеден кем емес мөлшерінде қабылданады;
2) коммуналдық қызметтің басқа түрлері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы нормаларына сәйкес.
Тұтынудың төлеу нормасы мен коммуналдық қызметтердің тарифын көрсетілетін қызметтерді берушілер ұсынады.
Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының төрағасы | С.Баумаганбетов |