"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы негізінде және Кладбинка ауылы халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Кладбинка ауылының келесі көшелері:
Октябрьская көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
Киров көшесін Шоқан Уәлиханов көшесіне;
Комсомольская көшесін Иван Яненко көшесіне;
Советская көшесін Виктор Довженко көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кладбинка ауылдық округі әкімі | Н. Волков |