"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 271 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 желтоқсанда№ 7664-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы каулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жумабаев ауданының әкімі
К. Омаров

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жумабаев ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 26 желтоқсандағы
  № 271 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 316 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің меңгерушісі (басшысы);

      6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      7) барлық атаулардағы (негізгі қызметтер) әдіскер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      8) кітапханашы – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      10) аккомпаниатор – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      11) музыкалық жетекші – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      12) хореограф – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары;

      13) дыбыс операторы – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары;

      14) барлық атаулардағы суретшілер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары;

      15) техникалық орындаушы: оператор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады