"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."Тимирязев ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 17/21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31595 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | А. Асанова |