Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 "Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 71 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 мамырда № 5023-06 болып тіркелді

      Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2831 тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы келесі мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен өтініш берушіге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беріледі, бұл алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады