Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Атырау облысының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 3 тамыздағы № 44-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 тамызда № 5068-06 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен берілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген жолдама болған жағдайда, медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін Атырау облысының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

      2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін медициналық айғақтар бойынша тұрақты тұратын елді мекеннің шегінен тыс емделуге жіберілетін пациенттерге мынадай төлемдер жүзеге асырылсын:

      1) теміржол және қалааралық автомобиль көлігінде жол жүру құны (екі жаққа да);

      2) әуе көлігімен және темір жол көлігімен (жатын вагон) жүру кезінде темір жол көлігінің жылдам жүретін поездының купе вагоны билетінің құнынан аспайтын мөлшерде жол жүру құнын (екі жаққа да) ішінара өтеу жүргізіледі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады