Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 280 "Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25817 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесінде:
1) реттік нөмірі 47-жол келесі редакцияда мазмұндалсын:
"
47 | "Теңіз" оқшау су құбыры |
";
2) келесі мазмұндағы 28-1, 28-2, 50-1, 50-2, 50-3, 50-4, 50-5, 50-6, 60-1, 60-2-жолдармен толықтырылсын:
"
28-1 | "Қызылүй" оқшау су құбыры |
28-2 | "Жасқайрат" оқшау су құбыры |
50-1 | "Ғизат Әліпов" оқшау су құбыры |
50-2 | "Асан" оқшау су құбыры |
50-3 | "Ұштаған" оқшау су құбыры |
50-4 | "рзд.Афанасьев" оқшау су құбыры |
50-5 | "Хиуаз" оқшау су құбыры |
50-6 | "Шағырлы" оқшау су құбыры |
60-1 | "Жалғансай" оқшау су құбыры |
60-2 | "Таңдай" оқшау су құбыры |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |