Атырау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 38 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 маусымда № 5039-06 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 15-тармағының 2) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) Атырау қаласының Мәслихатының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 379 "Атырау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4424 болып тіркелген) шешімінің;

      2) Атырау қаласының Мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 481 "Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 379 "Атырау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4609 санымен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы Н. Құрман

  Атырау қаласының
Мәслихатының 2023 жылғы 13
маусымдағы № 38 шешіміне
қосымша

Атырау қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормалары, м3

1.1.

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,02

1.2.

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,1

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi және сол сияқтылар

1 орын

1,05

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi

1 орын

0,91

4.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,53

5.

Мекемелер, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлiмшелерi

1 қызметкер

1,25

6.

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,0082

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,25

8.

Мектептер және өзге оқу орындары

1 оқушы

0,35

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көніл көтеретін ғимараттар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 отыратын орын

1,18

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, интернет-кафе, компьютерлік клубтар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,42

11.

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы
1 м2

0,0043

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,045

13.

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы
1 м2

0,008

14.

Азық-түлiк, өнеркәсіптік тауар дүкендерi, аралас дүкендер

Сауда алаңы
1 м2

0,25

15.

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

0,32

16.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,46

17.

Азық-түлік, өнеркәсiптiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы
1 м2

0,38

18.

Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы
1 м2

0,72

19.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы
1 м2

0,35

20.

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы
1 м2

0,78

21.

Дәрiханалар

Сауда алаңы
1 м2

0,44

22.

Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

0,57

23.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,35

24.

Гараж кооперативтерi, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,42

25.

Шаштараздар, сұлулық салондары

1 жұмыс орны

0,44

26.

Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi

Жалпы алаңы
1 м2

0,37

27.

Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы
1 м2

0,17

28.

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету (кiлттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,27

29.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы
1 м2

0,74

30.

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар,саябақ қалдықтары

1000 қатысушылар

0,0047

31.

Бағбандық кооперативтерi

1 учаске

1,56


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады