Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 379 "Атырау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 481 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 4609 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 13.06.2023 № 38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 379 "Атырау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4424 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі мәтінінің 1 қосымшасындағы:

      1-тармақтағы "тұрмысқа", "тұрғын" сөздері;

      2-тармақтағы "тұрғын" сөзі алынып тасталсын.

      2) көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қаласы Мәслихатының инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Қ. Джаумбаев).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      LVI сессия төрағасы Р. Гилажев
      Атырау қаласы
Мәслихатының хатшысы
А. Зайдуллин

  Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпаны № 481 шешіміне қосымша
  Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 379 шешіміне № 2 қосымша

Атырау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Елді мекен

Тариф 1 м3 ҚТҚ жеке тұлғалар үшін (тенге)

Барлығы: (тенге)

Жинау және әкету (ҚҚС-сыз)

Көму
(ҚҚС-сыз)

Атырау қаласы

1 515,93

860,25

2 376,18

Тариф 1 м3 ҚТҚ заңды тұлғалар үшін (тенге)

Барлығы: (тенге)

Жинау және әкету (ҚҚС-сыз)

Көму
(ҚҚС-сыз)

1 515,93

937,01

2 452,94

Тариф айына 1 тұрғынға (тенге)
(ҚҚС-сыз)

Жайлы үйлер
(тенге)

Жайлы емес үйлер
(тенге)

197,00

214,56

      Ескерту:

      ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      м3 - текше метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады