Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 13.06.2023 № 38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес Атырау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ № 2 қосымшасына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қаласының Мәслихатының инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Қ. Джаумбаев).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХХХІ сессиясының төрағасы | А. Семгалиев |
Мәслихат хатшысы | Р. Джанглишев |
Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы "26" маусымдағы ____ сессиясының № 379 шешіміне 1 қосымша |
Атырау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 28.02.2020 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,02 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,1 |
3 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,35 |
4 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi және сол сияқтылар | 1 орын | 1,05 |
5 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi | 1 орын | 0,91 |
6 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,53 |
7 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi | 1 қызметкер | 1,25 |
8 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0082 |
9 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi | 1 төсек-орын | 1,25 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi | 1 отыратын орын | 1,18 |
11 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,42 |
12 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,0043 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
14 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,045 |
15 | Азық-түлiк, өнеркәсіптік тауар дүкендерi, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,25 |
16 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,32 |
17 | Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,74 |
18 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,46 |
19 | Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,42 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,72 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,35 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,78 |
23 | Дәрiханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
24 | Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 0,57 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,35 |
26 | Гараж кооперативтерi | 1 гаражға | 0,42 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,44 |
28 | Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi |
Жалпы алаңы | 0,37 |
29 | Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,17 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,27 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,74 |
32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,0047 |
33 | Бау-бақша кооперативтерi | 1 учаске | 1,56 |
Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы "26" маусымдағы № 379 шешіміне 2 қосымша |
Атырау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 28.02.2020 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Елді мекен | Тариф 1 м3 ҚТҚ жеке тұлғалар үшін (тенге) | Барлығы: (тенге) | |
Жинау және әкету (ҚҚС-сыз) |
Көму | ||
Атырау қаласы | 1 515,93 | 860,25 | 2 376,18 |
Тариф 1 м3 ҚТҚ заңды тұлғалар үшін (тенге) | Барлығы: (тенге) | ||
Жинау және әкету (ҚҚС-сыз) |
Көму | ||
1 515,93 | 937,01 | 2 452,94 | |
Тариф айына 1 тұрғынға (тенге) | |||
Жайлы үйлер |
Жайлы емес үйлер | ||
197,00 | 214,56 |