Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 "Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 46 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 тамызда № 5074-06 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 12 сәуірдегі 2024 жылғы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 12.04.2024 № 102 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Атырау қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 "Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3389 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның:

      1-тармағында:

      "5" (бес) саны мен сөзін "3" (үш) саны мен сөзіне ауыстырылсын;

      3-тармағында:

      "тәртібін" деген сөз "қағидаларын" деген сөзімен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгiлеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.";

      Мынадай мазмұнда 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласы
Мәслихатының төрағасы
Н. Құрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады