"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізінде және Кеңөзек ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округінің кейбір көшелеріне атаулар берілсін:
1) Өрлеу тұрғын үй алабында :
№ 4 көшесі - Атамұра көшесіне;
№ 6 көшесі – Тұғырыл хан көшесіне;
№ 9 көшесі - Қайрат Рысқұлбеков көшесіне;
№ 2 көшесі - Қуан Үмбетияров көшесіне.
2) Қайнар тұрғын үй алабында:
№ 34 көшесі – Дулат Бабатайұлы көшесіне;
№ 18 көшесі – Қадым Сармоллин көшесіне;
№ 19 көшесі – Алпан Кенжалиев көшесіне;
№ 27 көшесі - Байжан Өмірбаев көшесіне;
№ 1 көшесі – Жанар Ермағанбетова көшесіне;
№ 12 көшесі - Зайда Сұлтанова көшесіне;
№ 14 көшесі - Ақбай Бурбаев көшесіне;
№ 9 көшесі – Сәлік Матжанов көшесіне.
2. Кеңөзек ауылдық округі Тасқала ауылында Комсомол көшесі Зинулла Ералиев көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кеңөзек ауылдық округі әкімі | Е. Утешкалиев |