"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 66 "Қызылқоға ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4132 болып тіркелген) және 2022 жылғы 10 ақпандағы № 22 "Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 66 "Қызылқоға ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылқоға ауданының әкімі | К. Азмуханов |