Құрманғазы ауданы әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 26 "Құрманғазы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 11 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 маусымда № 5046-06 болып тіркелді

      Құрманғазы ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Құрманғазы ауданы әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 26 "Құрманғазы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 23481 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының:

      1) № 173 сайлау учаскесі келесі мазмұнда жазылсын:

      "Орналасқан орны: Құрманғазы ауылы, Ғизат Әліпов көшесі № 1 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Нұршуақ" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.";

      2) № 177 сайлау учаскесіндегі "Приморье" деген сөз "Теңіз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) № 189 сайлау учаскесіндегі "Котяев" деген сөз "Бөкейхан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (К. Булековке) жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады