Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 5 "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" және 2022 жылғы 14 ақпандағы № 3 "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 5 "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 2 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 наурызда № 4988-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 5 "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 болып тіркелген) және 2022 жылғы 14 ақпандағы № 3 "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 5 "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Аппарат басшысына (Ж.М.Дауталиева) жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысы бойынша тексеру
комиссиясының төрағасы
Р. Тюлебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады