Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 17.03.2023 № 2 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту" туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 5 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 41-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
43-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына (Ж.М. Дауталиева) жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы |
Р. Төлебаев |