"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген), Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Кенжеханұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
2023 жылғы 20 сәуірдегі № 64 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | |||
1.1 | Албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары | тонна | 25,92 | 7000,0 |
1.2 | Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары | 4085,7 | 429 000,0 | |
1.3 | Жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары | 66,66 | 14 000,0 | |
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | |||
2.1 | Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (30 грамға дейін) | мың дана | 3000 | 45 000,0 |
3. | Cатып алынған балық басын толықтыратын аналық балық үйірі және оларды күтіп-ұстау үшін субсидиялар | |||
3.1 | Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары | дана | 100 | 1000,0 |
3.2 | Жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары | 400 | 4000,0 | |
Барлығы: | 500 000,0 |