Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласы халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы, 2021 жылғы 7 желтоқсандағы және 2022 жылғы 20 маусымдағы қорытындылары негізінде Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан қаласының даңғылдарына келесі атаулар берілсін:
Жаңа шағын аудандағы шартты № 40-көшенің 5-құрылыс аумағындағы атауы жоқ даңғылға Шәмші Қалдаяқов даңғылы;
атауы жоқ даңғылға Есім хан даңғылы.
2. Түркістан қаласының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 80 көшеге Күйбасар көшесі;
№ 167 көшеге Дәстүр көшесі;
№ 216 көшеге Майлытоғай көшесі;
Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы № 30 көшеге Аднан Мендерес көшесі.
3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облысы мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Кенжеханұлы |
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Абишов |