Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 15 маусымдағы № 123 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 16 маусымда № 6309-13 болып тiркелдi

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" аОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3266 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 15 маусымдағы
№ 123 Қаулының қосымшасы
  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 217 қаулысына қосымша

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Сатып алынатын шикі сүт үшін, теңге/килограмм 

Сары май өндіру үшін

Қатты ірімшік өндіру үшін

Құрғақ сүт өндіру үшін (майы алынбаған /майы алынған)

43

21

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады