"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Түркістан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/514-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5640 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Абишов |