Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 27 қарашадағы № 250 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 28 қарашада № 6410-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Түркістан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 292 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2821 болып тіркелген);

      2) "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі "Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6032 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады