Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2 бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қаласының әкімі | Г. Курманбекова |
Арыс қаласы әкімінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 486 қаулысына қосымша |
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі
1) мәдени, спорт ғимараттары және құрылысжайларының аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар;
2) Арыс қаласы шегіндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері.