Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2023 жылғы 3 қазандағы № 291 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 5 қазанда № 6372-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17 – 2 бабы 1 - тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ж. Тасов

  Кентау қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 3 қазандағы
№ 291 қаулысымен бекітілген

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

Р/с №

Ғимараттарының алдында афишалар орналастыруға арналған орындары бар мәдени, спорттық объектілердің тізбесі

1

2

1.

Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі, №2 Б үй, Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

2.

Кентау қаласы, И.Панфилов көшесі, №7 А үй, Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің" Кентау спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

3.

Кентау қаласы, Абай көшесі, №8 үй, Қазақстан Республикасы Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

4.

Кентау қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, №14 үй, Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

5.

Кентау қаласы, Абылайхан көшесі, №10 үй, Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Кентау қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

6.

Кентау қаласы, Байылдыр ауылы, Аманқұл Датқа көшесі, №8 үй, Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Байылдыр ауыл клубы ғимаратының алдында

7.

Кентау қаласы, Хантағы ауылы, В.Ильич көшесі, №17 үй, Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Хантағы ауыл клубы ғимаратының алдында

8.

Кентау қаласы, Ащысай ауылы, С.Мұқанов көшесі, №1 үй, Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ащысай ауыл клубы ғимаратының алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады