"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ордабасы аудандық мәслихатының "Ордабасы ауданында жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 маусымдағы № 43/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Б. Джумабеков |