Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 22 ақпандағы № 68 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 24 ақпанда № 6246-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Сайрам ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Хасанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сайрам аудандық

      мәслихаты

  2023 жылғы 22 ақпандағы
№ 68 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

      7) үйде қызмет көрсету ұйымы бөлімшесінің меңгерушісі;

      8) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      9) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      10) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      4) әдістемеші;

      5) көркемдік жетекші;

      6) барлық атаудағы әртістері;

      7) вокал;

      8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      9) дизайнер;

      10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      11) хореограф;

      12) бағдарламашы;

      13) гример-пастижер;

      14) кітапханашы;

      15) библиограф;

      16) барлық мамандық мұғалімдері.

      3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) әдіскер;

      4) жаттықтырушы;

      5) нұсқаушы-спортшы;

      6) барлық мамандықтағы дәрігер;

      7) жаттықтырушы-массажшы;

      8) психолог.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады