Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Тегісшіл ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Құркелес ауылдық округінің Ақ үй елді мекенінің шекараларына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 344,32 гектар жерлерді қосу арқылы, Құркелес ауылдық округінің Ақ үй елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы көлемі 640,57 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Құркелес ауылдық округінің Береке елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 92,15 гектар жерлерді қосу арқылы, Құркелес ауылдық округінің Береке елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 220,9116 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Тегісшіл ауылдық округінің Таскескен елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 99,63 гектар жерлерді қосу арқылы, Тегісшіл ауылдық округінің Таскескен елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 577,83 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы,Сарыағаш ауданының әкімі | А. Абдуллаев |
Мәслихат төрағасы | С. Таскулов |