Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 475 және Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 13-101-VIII "Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Тегісшіл ауылдық округтерінің кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 31 наурыздағы № 93 қаулысы және Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 29-221-VIII бірлескен шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 4 сәуірде № 6675-13 болып тiркелдi

      Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 475 және Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 13-101-VIII "Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Тегісшіл ауылдық округтерінің кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6437-13 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "92,15 гектар" деген сөздер "76,88 гектар" деген сөздермен, "220,9116 гектар" деген сөздер "200,98 гектар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің және Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің және Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы,Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаев
      Аудандық мәслихат төрағасы Р. Асылбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады