Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 4/11-08 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 маусымда № 6313-13 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы, 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Түлкібас ауданы мәслихатының "Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы" 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 60/2-06 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5839 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Х. Байысбаев

  Түлкібас аудандық маслихаты
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 4/11-08 Шешіміне қосымша

Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,42
1,91

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,77

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,59

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,94

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,08

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,88

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,06

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,4

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,09

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,16

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,5

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

--

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,16

17

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

--

18

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,11

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы 1 м2

--

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,37

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

2,1

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,0

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

--

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,2

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,32

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,25

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,23

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,34

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,01

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

1,52


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады