Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 157 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 тамызда № 6336-13 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келес ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 84 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4936 болып тіркелген) қаулысы;

      2) Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 217 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5843 болып тіркелген) қаулысы.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Агибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады