"Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 217 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 5843 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 14.08.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 84 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4936 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 9 сәуірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 3 тармағына орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген қаулының қосымшасының 2 тармағының 1) және 2) тармақшаларына орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      2. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Оразбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданының әкімі А. Есбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады