Келес ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 301 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 6417-13 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Келес ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Келес ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданы әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Д. Сариев

  Келес ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 301 қаулысына қосымша

Келес ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Нақты орналасқан жері

Алып жатқан алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Келес ауданы Абай ауылы республикалық маңызы бар А-15 "Жизақ - Гагарин - Жетiсай - Киров - Қызыләскер - Сарыағаш - Абай - Жiбек жолы" автомобиль жолының 40,91 шақырымы

600

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"Электроника және жиһаз" дүкені

2

Келес ауданы Абай ауылы республикалық маңызы бар А-15 "Жизақ - Гагарин - Жетiсай - Киров - Қызыләскер - Сарыағаш - Абай - Жiбек жолы" автомобиль жолының 41,40 шақырымы

240

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

3

Келес ауданы Біртілек ауылдық округі Біртілек елді мекені Орталық көшесі нөмірсіз

200

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"Айдабол" орталық моншасы

4

Келес ауданы Ошақты ауылдық округі Ошақты елді мекені облыстық маңызы бар КХ-72 "Бесқұбыр-Шардара" автомобиль жолының 7,87 шақырымы

300

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"Қазына" азық-түлік дүкені

5

Келес ауданы Қошқарата ауылдық округі Мақташы елді мекені республикалық маңызы бар А-15 "Жизақ - Гагарин - Жетiсай - Киров - Қызыләскер - Сарыағаш - Абай - Жiбек жолы" автомобиль жолының 52,2 шақырымы

7000

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

6

Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Лесбек Батыр елді мекені республикалық маңызы бар А-15 "Жизақ - Гагарин - Жетiсай - Киров - Қызыләскер - Сарыағаш - Абай - Жiбек жолы" автомобиль жолының 77,94 шақырымы

1500

5

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"ННДА" автокөлік қосалқы бөлшектерін сату дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады