Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 76 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 2/8-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 сәуірде № 8830-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, "Өскемен қаласының құрамдас бөліктеріне атау және қайта атау беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 4311 қаулысы және Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 қарашадағы № 63/4 шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының мынадай құрамдас бөліктері:

      18-ші тұрғын ауданындағы:

      № 1 көше – Медеу көшесі;

      20-шы тұрғын ауданындағы:

      № 12 көше – Жидебай көшесі;

      Самсоновка ауылы маңындағы:

      № 1 көше – Арғымақ көшесі;

      № 2 көше – Наурыз көшесі;

      № 3 көше – Айнакөл көшесі;

      № 4 көше – Еділ көшесі;

      № 5 көше – Дәстүр көшесі;

      № 6 көше – Есіл көшесі;

      № 7 көше – Аманат көшесі;

      № 8 көше – Жайық көшесі;

      № 9 көше – Балдырған көшесі;

      № 10 көше – Серпер көшесі;

      № 11 көше – Мереке көшесі;

      № 12 көше – Көктем көшесі;

      № 13 көше – Шарын көшесі;

      № 14 көше – Кеген көшесі;

      № 15 көше – Келешек көшесі;

      № 16 көше – Масаты көшесі;

      № 17 көше – Самал көшесі деп аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      Мәслихат төрағасы Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады