Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 117 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/31-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 маусымда № 8861-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының мынадай құрамдас бөліктері:

      Қазақстан көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін орналасқан жағалау бойындағы атауы жоқ көше Желтоқсан көшесі;

      Радужный кентіндегі:

      № 1 көше – Ертіс көшесі;

      № 2 көше – Саяхат көшесі;

      № 3 көше – Самұрық көшесі;

      Жаңа Ахмер ауылының маңындағы:

      № 1 көше – Бурабай көшесі;

      № 2 көше – Үшқоңыр көшесі деп аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады