"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.11.2023 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау түрлері | Азықтың шығу тегі | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидия сомасы, мың теңге |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге субсидиялар | ||||
1.1 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | шетелдік | килограмм | 703 700 | 134 592,1 |
Барлығы: | 134 592,1 | ||||
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт, бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін) | ||||
2.1 | Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) уылдырық | дана | 2 700 000 | 13 383,9 | |
2.2 | Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана | 1 665 500 | 24 982,5 | ||
Барлығы: | 38 366,4 | ||||
3. | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстауға субсидиялар | ||||
3.1 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | дана | 658 | 15 973,2 | |
Барлығы: | 15 973,2 | ||||
Жиынтығы: | 188 931,7 |