Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8866-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Е. Кошербаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 268 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Азықтың шығу тегі | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидия сомасы, мың теңге |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге субсидиялар | ||||
1.1 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | шетелдік | килограмм | 703 700 | 134 592,1 |
Барлығы: | 134 592,1 | ||||
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт, бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін) | ||||
2.1 | Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) уылдырық | дана | 2 700 000 | 13 383,9 | |
2.2 | Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана | 1 665 500 | 24 982,5 | ||
Барлығы: | 38 366,4 | ||||
3. | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстауға субсидиялар | ||||
3.1 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | дана | 658 | 15 973,2 | |
Барлығы: | 15 973,2 | ||||
Жиынтығы: | 188 931,7 |