Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое ауданының келесі ауылдарының шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Глубокое ауданының Ертіс ауылдық округінің Прапорщиково ауылының шекаралары жалпы Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы бағытындағы 2,76 гектар жерді қосу жолымен өзгертіліп, Прапорщиково ауылының шекаралары жалпы ауданы 738,38 гектар болып белгіленсін;
2) Глубокое ауданының Опытное поле ауылдық округінің Опытное поле ауылының шекаралары Глубокое ауданының запастағы жерлерінен 28,955 гектар қосу арқылы өзгертіліп, Опытное поле ауылының шекаралары жалпы ауданы 575,526 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Глубокое ауданы әкімдігі қаулысының және Глубокое аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Глубокое ауданы әкімдігінің қаулысы және Глубокое аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | Э. Тумашинов |
Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы | А. Калигожин |