Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылындағы "Қысқа" көшесінің атауын "Мазбаев Сейтқамза", "Қазан" көшесінің атауын "Адиков Ахметқан" көшесі болып қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 8885-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2022 жылдың 28 қазанындағы қорытындысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылындағы "Қысқа" көшесінің атауы "Мазбаев Сейтқамза", "Қазан" көшесінің атауы "Адиков Ахметқан" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі А. Итжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады