"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Алтай ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның жоспардан тыс отырысының 2023 жылғы 3 ақпандағы № 3 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Алтай ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29682 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының әкімі | Е. Мустафин |