Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 29682 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімінің 09.03.2023 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевск ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып жетекшілік ететін Алтай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі Е. Мустафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады