"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35- бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Парыгино ауылы халқының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі Парыгино ауылының келесідей көшелері:
Советская көшесін Александр Егоров көшесіне;
50 лет-Казахстана көшесін Лев Гумилев көшесіне;
Пролетарская көшесін Қаныш Сәтбаев көшесіне;
Октябрьская көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне;
Коммунальная көшесін Тоқтар Әубәкіров көшесіне;
Рабочая көшесін Иван Дмитриев көшесіне;
Проходная көшесін Батырхан Шүкенов көшесіне;
Угловая көшесін Талғат Бигельдинов көшесіне;
Гаражная көшесін Шәкәрім көшесіне қайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Парыгино ауылдық округінің әкімі | Н. Бакынова |