Катонқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 қазандағы № 21/276-VII "Катонқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 8/86-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 қарашада № 8906-16 болып тіркелді

      Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1."Катонқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 қазандағы № 21/276-VII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №30080 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесінің 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану Қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның салаларындағы бюджеттiк ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Болаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады