Күршім ауданы Абай ауылдық округі Қойтас ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 201 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 2/11-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 мамырда № 8838-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданының Абай ауылдық округі Қойтас ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 3544,0 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Күршім ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі А. Акышов
      Мәслихат төрағасы К. Бахтияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады