Шемонаиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 377 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 қарашада № 8912-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шемонаиха ауданы әкімдігі кейбір қаулылыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.А.Раимбековаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 10 қарашадағы
№ 377 Қаулысына
қосымша

Әкімдіктің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталарын белгілеу туралы" 2021 жылғы 2 наурыздағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8428 болып тіркелген).

      2) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 298 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7980 болып тіркелген).

      3) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 356.

      4) "Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 356 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 3 қыркүйектегі № 333.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады