Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаракөл ауылдық округінің Қоскөл елді мекенінің бағыныстылығы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына беріліп өзгертілсін.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы және шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Мәслихат төрағасы | М. Мукаев |