Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Көктерек ауылдық округінің Еламан ауылын тарату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 87 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 2-5 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 7137-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Казталов ауданы Көктерек ауылдық округінің Еламан ауылы оның аумағы Казталов ауданы Көктерек ауылдық округінің Саралжын ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы және шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев
      Мәслихат төрағасы М. Мукаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады