Батыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтау көзінің санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 97 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 мамырда № 7153-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтау көзінің санитарлық қорғау аймағы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті
Батыс Қазақстан облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті

  қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтау көзінің санитарлық қорғау аймағы

Су қабылдағыш көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

I - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

Шекаралары

Алаңы

Шекаралары

Алаңы

Шекаралары

Алаңы

Теректі ауданы

1.

Теректі жер асты сулары кен орнының №3 цементтелген-барланған ұңғымасы

Радиусы - 50 метр

0,785 гектар

Ұзындығы – 71,8 метр, ені – 73,2 метр

0,526 гектар

Ұзындығы – 172,5 метр, ені – 168 метр

1,587 гектар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады