Батыс Қазақстан облысының 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 111 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 мамырда № 7166-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысының 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы экология
және табиғи ресурстар министрлігі

  қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысының 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемдері

Субсидия түрлері

Субсидиялар сомасы, мың теңге

1.

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар


1.1.

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары: шабақ (30 грамға дейін)

11 401,7

2.

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп ұстау шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар


2.1.

Тұқы, араван, жайын, лат, цихлид тұқымдас балықтар

3 145,0

3.

Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар

2 212,6

4.

Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар


4.1.

Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары

10 000,1

4.2.

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары: құрамында 19 %-дан кем емес протеині бар отандық өндірістің түйіршіктелген азығы

3 135,7

5.

Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар

2 000,0

Барлығы:

31 895,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады