Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 301 "Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 242 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қазанда № 7274-07 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 301 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6567 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулы қосымшасының атауы жаңа редакцияда жазылсын: "Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес келесі өзгерістер енгізілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

      "КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2023 жылғы 20 қазандағы
№ 242 қаулысына қосымша
  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 301 қаулысымен бекітілген

Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі

      реттік нөмірі 22-жолдың мазмұны келесі редакцияда жазылсын:

      "

22

"Современник" кинематографы, қазіргі 1 қабаты Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатры, 2 қабаты қалалық мәдени-ағарту бірлестігі.
ХІХ ғасыр.

Қала құрылысы және сәулет

Н.Назарбаев даңғылы, 166/1

      ";

      реттік нөмірі 31-жолдың мазмұны келесі редакцияда жазылсын:

      "

31

Уездік аурухана ғимараты,
ХІХ ғасырдың соңы, қазіргі: "Талап" акционерлік қоғамының емханасы;
"Талап" акционерлік қоғамының дәріханасы;
"Аймақаралық профилактикалық психотерапиялық орталық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"Батыс Қазақстан облысының "Дезинфекция" бірлестігі" жеке медициналық мекемесі;
№1 қалалық емханасы;
Тұрғын жай.

Қала құрылысы және сәулет

М.Ықсанов көшесі, 44/2;
М.Ықсанов көшесі, 44/2;
М.Ықсанов көшесі, 44/2Б;
М.Ықсанов көшесі, 44/7;
М.Ықсанов көшесі, 44/3 Б;
М.Ықсанов көшесі, 44/7 Б.

      ";

      реттік нөмірі 95-жолдың мазмұны келесі редакцияда жазылсын:

      "

95

Көпес Ванюшиндердің үйі.
ХІХ ғасырдың соңы.

Қала құрылысы және сәулет

Ғ.Қараш көшесі, 37/1

      ";

      реттік нөмірі 107-жолдың мазмұны келесі редакцияда жазылсын:

      "

107

17-ші Қызыл әскерлердің бауырластар зираты. 1919 жыл.

Монументтік өнер құрылыстары

Шаған өзені арқылы өтетін теміржол көпірі

      ";

      реттік нөмірі 108-жолдың мазмұны келесі редакцияда жазылсын:

      "

108

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің бауырластар зираты. 1941-1945 жылдар.

Монументтік өнер құрылыстары

қалалық зират

      ";

      реттік нөмірі 109-жолдың мазмұны келесі редакцияда жазылсын:

      "

109

Жаңа мешіт. 2006 жыл.

Қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 92

      ";

      реттік нөмірі 1249-жолдың мазмұны келесі редакцияда жазылсын:

      "

1249

Ақраб IV (Сасықкөл) қорымы.
Ертедегі темір дәуірі.

Археология

Ақраб ауылынан оңтүстікке 2 км орналасқан.
GPS: N50°20'42,0"/E52°08'07,8"

      ";

      реттік нөмірі 1346-жолдың мазмұны келесі редакцияда жазылсын:

      "

1346

Қоңыр II қорғаны.
Ертедегі темір дәуірі.

Археология

Өлеңті өзенінің су айырық үстірттің шыңында, Қоңыр ауылынан солтүстік-солтүстік-шығысқа 6 км орналасқан.
GPS: N50°29'02,6"/E53°27'14,1"

      ";

      реттік нөмірі 1388-жолдың орыс тіліндегі мазмұнына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады